ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ

Енгізілді: 08.02.2024Қаралғаны: 6228 рет

Бүгін Қызылорда «Болашақ» университеті,  Филология, журналистика және тарих кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ журналистикасының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты:  Қазақ журналистикасының өзекті мәселелерін талқылай отырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің қоғамның қозғаушы күші ретіндегі рөлін айқындау. Іс-шараға жергілікті БАҚ басшылары мен редакторлары, қызметкерлері, Қызылорда «Болашақ» университеті профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Кездесу барысында «Сыр медиа» ЖШС директорының міндетін атқарушысы М.Аралбаевтың «Дәстүр мен жаңашылдық сабақтастығы»,  Қызылорда «Болашақ» университеті, Филология, журналистика және тарих кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Н.Нурмахановтың ««Болашақ» университетінде журналист мамандығын дайындаудың өзіндік ерекшеліктері» тақырыбында баяндамалары тыңдалды.

Іс шара қорытындысы бойынша қатысушылар Сыр өңіріндегі БАҚ-тың таралымы, БАҚ пен билік, журналистердің әлеуметтік жағдайы, журналистерді ЖОО-да дайындау мәселелеріне қатысты пікір алмасты. Білім ордасындағы кездесу кеші ерекше форматта өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерімен кездесу университетіміздің жоспарлары мен міндеттерін жұртшылыққа жеткізуге, бейресми жағдайда университет профессор-оқытушылар құрамы мен журналистердің шешіліп пікір алысуына, ең бастысы, ақпарат алмасуға негіз болды.