ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ ҚҰРУ – БАСТЫ МАҚСАТ!

Енгізілді: 27.03.2024Қаралғаны: 2160 рет

ИНКЛЮЗИВТІҚОҒАМҚҰРУ – БАСТЫМАҚСАТ!

 

2024 жылдың 19 наурызында Қызылорда «Болашақ» университетінде «Арнайы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен инклюзивті қоғам қалыптастыру негізінде «Ерекше қажеттілігі бар білім алушыларды қолдаудың замануи әдістері» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді.

Дәрісте арнайы жоғары білімі бар дефектолог, олигофренопедагог, логопед, халықаралық және отандық мамандардан білім алып, тәжірибе алмасқан, алған білімін кәсіби тұрғыда пайдаланып жүрген, өз жұмысын жетік білетін, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерген «Мейірім» баларды түзету-дамыту орталығының жетекшісі Әбілдаева Дариха Жұмабекқызы өз тәжірибесімен бөлісті.

Ic-шара барысында Дариха Жұмабекқызы гаджеттердің баланың коммуникативті қарым-қатынас құруына және психикасына тигізетін кері әсеріне  тоқталып өтті. ЖОО-да ерекше білім алушыларға инклюзивті білім берудегі  қарым-қатынас жасау техникасы да сөз болды. Оқытушылар мен білім алушылар лекторға көкейіндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі толық ақпарат алды.

Дәріс тартымды әрі мазмұнды өтті. Инклюзивті білім беру – қоғам қажеттілігі!