УНИВЕРСИТЕТТІҢ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БОЙЫНША ҚАСЫМ ТЫНЫСТАНОВ АТЫНДАҒЫ ЫСЫҚ-КӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНЕ БАРЫП ҚАЙТТЫ

Енгізілді: 29.04.2024Қаралғаны: 638 рет

2023-2024 оқу жылында Қырғызстан Республикасындағы Касым Тыныстанов атындағы Ысык-Көл мемлекеттік университеті мен «Болашақ» университеті арасындағы бірлескен ғылыми жұмыстар мен оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша халықаралық меморандум жасалып, келісімшарт негізінде академиялық ұтқырлық  жүзеге асырылуда.  Үстіміздегі оқу жылының екінші академиялық кезеңінде келісім-шарт бойынша  университеттің  бірқатар профессор-оқытушылары және білім алушылары Қасым Тыныстанов атындағы Ысық-көл мемлекеттік университетіне барды. Педагогика және өнер кафедрасына қарасты  6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01303-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6В01401-Кәсіптік оқыту,  6В01405-Музыкалық білім ББ бойынша  кафедра меңгерушісі, п.ғ.м Р.К. Есенова,  педагогика ғылымдарының  кандидаты, қауымдастырылған профессор Ғ.Ө. Серікбаев, ф.ғ.к., аға оқытушы А.Д. Есқараева, аға оқытушы Г.Т. Рамазанова, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Н.Ә. Түнғатовалар аталмыш университетте дәріс беріп, тәжірибе алмасты.